Колл-центр
23 Желтоқсан 2025 ж.
Астанада ЭКСЖ жобаларына қандай нысандар ұсынылған
Елордада стратегиялық маңызы бар нысандардың тозуы 100%-ға жеткен. Жаңғыртуды қажет ететін жобалар электр және сумен жабдықтау сияқты аса маңызды жүйелерге қатысты болып отыр.
«Астана су арнасы» ШЖҚ МКК Досмұхамедұлы көшесі бойындағы техникалық су құбырын жаңғырту жоспарланған. Бұл су құбыры стратегиялық маңызға ие, себебі ол «Астана-Энергия» АҚ-ның ЖЭО-1 және ЖЭО-2 нысандарын, сондай-ақ «Астана-Тазалық» АҚ мен «Зеленстрой» АҚ-ны техникалық сумен қамтамасыз етеді.
«Астана-Теплотранзит» АҚ ТМ-43 (68% тозған) және ТМ-12 (74% тозған) жылу магистралдарын жаңғыртуға өтінім берді. Аталған учаскелерде «әр жылыту маусымында құбыр жарылу жағдайлары болғаны» атап өтілген, бұл көпқабатты тұрғын үйлердің, мектептер мен балабақшалардың жылусыз қалуына әкеп соққан.
Сондай-ақ елордада «Астана» қосалқы станцияларына арналған телемеханика жүйесін цифрландыру (96 нысан) және көппәтерлі тұрғын үйлерге жылу есептеу құралдарын орнатып, мәліметтерді қашықтан беру жүйесін енгізу жобаларын жүзеге асыру жоспарланған.