Қаз

17 Қазан 2025 ж.

Алматыда ЭКСЖ жобалық кеңсесінің мүшелері журналистермен кездесті

Алматы, ЭКСЖ, ұлттық жоба, медиатренинг, - МЭКС

Бүгін Алматының журналистері үшін «Энергетикалық мен коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын (ЭКСЖ) жария ету бойынша тренинг өткізілді.

Жиында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев қатысушыларға 2025-2029 жылдарға арналған Ұлттық жобаны түсіндірді.

Оның мәліметінше, ЭКСЖ жобасы ірі инвестициялар тарту арқылы жүзеге асырылуда, бұл инфрақұрылымды жаңарту жұмыстарының халыққа арналған тарифтерге әсерін азайту үшін жасалып отыр.

Өз кезегінде «Бәйтерек» ҰБХ басқарушы директоры Әлия Мырзағалиева несиелеу құралдары қандай болатынын түсіндірді. Ол тіпті ЭКСЖ аясында Қазақстанның Даму банкімен және халықаралық қаржы институттарымен 20 жылдық қарыз беру үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар, ЭКСЖ аясында Қазақстанның Даму банкімен және халықаралық қаржы институттарымен 20 жылға қарыз беру үшін жұмыс жүргізілуде.

Сондай-ақ кездесу барысында инвестициялық жобалардың 2025-2029 жылдарға арналған жоспарлары ұсынылды. Биылғы жылы ірі қатысушылардың бірі – «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ. Ол электр желілік инфрақұрылымды жаңғыртуға 9,7 млрд теңге бағыттайды. 361 км желіні және 3300-ден астам жабдықты жаңарту жоспарлануда, бұл компания инфрақұрылымының тозуын 5% - ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Алдағы бес жылда ЭКСЖ аясынла  жаңғыртудан келесі коммуналдық кәсіпорындар өтеді:

· «Алматы жылу желілері» ЖШС-да 2,1 км жылу желілерін күрделі жөндеу жоспарлануда.

· «Алматы электр станциялары» АҚ тозуды 19%-ға дейін төмендете отырып, ЖЭО–2-БТК жылу магистралін реконструкциялау шеңберінде 4,3 км құбырды толық ауыстырады.

· «Алматы Су» ШЖҚ МКК-да 60 км су құбыры желілерін қайта жаңарту жоспарланған.

Пилоттық жобаларды іске асыру нәтижесінде Алматыда қалалық инженерлік инфрақұрылымның тозу деңгейі 6,1%-ға төмендейді деп жоспарлап отыр. 

2026 жылы өңірдің коммуналдық және энергетикалық секторларын жаңғыртуға инвестициялардың жалпы көлемі 105,3 млрд теңгені құрайды.

Өз кезегінде, Алматы облысында 2026 жылы ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде 68,53 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Бұл қаражат инженерлік инфрақұрылымды жаңартуға, энергия тиімділігін арттыруға, желілердің тозу деңгейін төмендетуге және өңір халқы үшін ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталады. 

Қатысушылардың сұрақтарына «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Макка Шынғазиева және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керемқұлов жауап берді.