Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

11 Желтоқсан 2025 ж.

2026 жылы «Бәйтерек» холдингі ЭКСЖ жобаларын 700 млрд теңгеге қаржыландырады

Бәйтерек, ұлттық жоба, жаңғырту, модернизация, қаржыландыру, - МЭКС

Қаражат облигацияларды сатып алуға да, тікелей несиелеуге де беріледі. Бұл туралы «Бәйтерек» ҰБХ басқарушы директоры Әлия Мырзағалиева хабарлады.

Оның айтуынша, Ұлттық жобаны қаржыландыруға 6,8 трлн теңге қарыз қаражаты қажет.

«Қазіргі кезде 2026-2028 жылдарға керек ресурсты есептесек, 3,3 трлн теңге көлемінде қаржы қажет екенін пайымдап отырмыз. Бар күшімізді 2026 жылға бағыттап отырмыз. Әңгіме 700 млрд теңгеге дейінгі қарыз қаражаты туралы болып отыр. Демек, облигациялар желісі бойынша да, тікелей кредиттеу арқылы да қаржыландыру мәселесі қарастырылады», - деп нақтылады ол.

2025 жылы облигациялық құралдар арқылы 15 пилоттық жоба іске асырылды. Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы («Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымы) Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің бағалы қағаздарын сатып алды.

«Негізінен бұл жобалау-сметалық құжаттамасы дайын, бірақ республикалық бюджеттен қаржыландыруды қажет етпейтін жобалар болды. Өңірлер қолдау сұрап, қаражат алып, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Өтініштердің басым бөлігі жылумен жабдықтау саласына қатысты болды.  Биыл Қазақстан Даму банкі арқылы сегіз жоба келіп түсті, бір өтінім қабылданбады, қалған жетеуі бойынша түрлі кезеңде жұмыс жалғасып келеді», - деп Әлия Мырзағалиева.