Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36

19 Қараша 2025 ж.

2026-2028 жылдары ЭКСЖ үшін 3 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланған

инвестиция, Серік Жұманғарин, тарифтер, ұлттық жоба, жаңғырту, - МЭКС

Қаражат 30 мың шақырым инженерлік желіні жөндеуге жұмсалады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары - ҚР ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин хабарлады.

«2026-2028 жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша 30 мың шақырым инженерлік желілерді жөндеу үшін шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту жоспарлануда.Табиғи монополиялар субъектілері қызметтеріне тарифтердің инфляцияға жыл сайынғы салымы 1,0 пайыздық тармақтан аспайды», - деді ол. 

Вице-премьер 2026 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін барлық тұтынушылар топтары үшін коммуналдық тарифтердің өсуі тоқтатылғанын еске салды. 

«Тарифтерді көтеруге мораторий қолданылу кезеңінде табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерді орындауына кешенді тексеру жүргізіледі. 2026 жылдың екінші тоқсанынан бастап тарифтерді көтеру инфляцияның таргеттелген деңгейімен байланысты теңдестірілген түрде жүзеге асырылады», - подчеркнул Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, халықтың осал топтары үшін атаулылық бағытын күшейтіп және оны аса мұқтаж санаттарға көрсете отырып, тұрғын үй көмегін көрсету тетігі сақталады.