Колл-центр
1 Желтоқсан 2025 ж.
2025 жылы тұрғын үй көмегін қалай алуға болады: кезең-кезеңімен талдау
Тұрғын үй көмегі аз қамтылған азаматтарға және табысы төмен отбасыларға беріледі, ал тұрғын үйге, коммуналдық қызметтерге және тұрғын үйді жалға алуға арналған шығыстар (егер ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынса) өңірде белгіленген шекті мөлшерден асып кетсе, онда бұл көмек беріледі.
Тұрғын үй көмегін өзінің жалғыз тұрғын үйінде тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алған азаматтар ала алады.
Кім аз қамтылған деп есептеледі? Табысы белгіленген шектен төмен отбасылардың тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге кететін шығындары жалпы табысының рұқсат етілген үлесінен (маслихаттар белгілейтін 5%-дан 10%-ға дейінгі мөлшер) асып кетсе, олар аз қамтылған отбасы болып есептеледі.
Көмек алудың негізгі шарттары:
1. Тiркеу және тұру: көмек тек тұрақты тiркелген және нақты тұрған жерi бойынша ғана көрсетiледi.
2. Жалғыз тұрғын үй: Жалғыз тұрғын үй: көмек тек бір тұрғын үй-жайға немесе оның бір бөлігіне беріледі. Азаматтар өздерінің жалғыз тұрғын үйінде тұруы немесе оны мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алуы тиіс.
3. Табыстарды есепке алу: Отбасының табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынща есептеледі. Кірістің барлық түрі есепке алынады: жалақы, жәрдемақы, алимент, бизнестен түсетін кіріс, жалға алу, бағалы қағаздар, сыйға тарту және т.б. Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында көрсетілгендерді қоспағанда (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығы).
4. Тағайындау кезеңі: Тұрғын үй көмегі бір тоқсанға (3 айға) беріледі. Осы мерзім аяқталған соң қайтадан өтініш беріп, табыс пен шығынды растап отыру қажет. Мемлекеттік қызметті қайта алу мүмкіндігі қарастырылған.