Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36
Басты бет Жаңалықтар 2025 жылы Қарағандыда 23,8 млрд теңгеге негізгі жабдықтар жөнделді

30 Желтоқсан 2025 ж.

2025 жылы Қарағандыда 23,8 млрд теңгеге негізгі жабдықтар жөнделді

жылу, Қарағанды облысы, энергетика, жаңарту, ремонт, жөндеу жұмыстары, - МЭКС

Жөндеу жұмыстары аясында бес қазандық пен үш турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді.

Биыл Қарағанды ЖЭО-3 жылыту маусымына дайындықты толық аяқтап, жоғары жүктеме жағдайында жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді. 1976 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, Қарағанды қаласының шамамен 80 пайызын жылумен қамтамасыз ететін станция ауқымды жөндеу жұмыстарын аяқтап, қуатын кеңейтуге де дайындалып жатыр.

«Қарағанды Энергоорталық» ЖШС мәліметінше, қыс мезгіліне дайындық сегіз айға созылды.

2025 жылы екі станцияда (ЖЭО-1 мен ЖЭО-3) негізгі жабдықтарға 26 жөндеу жүргізілді. Оның ішінде бес қазандық пен үш турбинаға күрделі жөндеу жасалды. ЖЭО-3-те екі қазандық агрегаты мен екі турбина жаңартылды, сондай-ақ тағы алты қазандық пен төрт турбинаға жөндеу жүргізілді. Жөндеу бағдарламасының жалпы құны 23,8 млрд теңге.

Сонымен қатар, жылумен жабдықтау саласындағы 7 жоба бойынша «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өтінім берілді. 

Осылайша, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС бес нысанды қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр:

- №2 сорғы станциясынан ТК-728-ге дейінгі М2 жылу магистралі (№2 сорғы станциясын қоса алғанда);

- кварталішілік жылумен жабдықтау желілері және 28/1 ОЖП сорғы станциясы;

- 30-шағынауданның жылу желілері және 30 ОЖП сорғы станциясы;

- Қарағанды қаласында 5-павильоннан Оңтүстік-Батыс тұрғын аймағына қосылатын учаскеге дейінгі жылу магистралі және №11 сорғы станциясын қайта жаңғырту;

- 6-павильоннан ОН-87-ге дейінгі М3 жылу магистралі.

- «Оқжетпес-Т» ЖШС бойынша: Мичурин көшесіндегі №3 жылу магистралін қайта жаңғырту (Мука-Сахар су торабы, Қарағанды көшесі маңынан ТП-34-ке дейін), Теміртау қаласындағы ТНС-1 технологиялық жабдықтарын қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі.