Колл-центр
Талдықорған қаласында ЭКСЖ ұлттық жобасының іске асырылуы мен коммуникациялық сүйемелдеуі бойынша воркшоп өтеді
Өтетін орны:
Талдықорған қаласы, Коктем Grand қонақ үйі, конференц-зал (2 қабат)
Өтетін күні:
12 Маусым 2026 ж.
Басталу уақыты:
10:00
Ұзақтығы:
3 сағат
Сипаттамасы:
2026 жылғы 12 маусым Талдықорған қаласында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба: іске асыру тетіктері мен ақпараттық-коммуникациялық сүйемелдеу» тақырыбында воркшоп өтеді.
Бағдарламада ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ және «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ өкілдерінің қатысуымен профильді блок және сұрақ-жауап форматындағы ашық пікірталас, сондай-ақ Ақерке Берлібайдың сараптамалық сессиясы қарастырылған.
Қатысушыларға ЭКСЖ ұлттық жобасын іске асыру, ТҮКШ саласындағы тарифтік саясат, қаржыландыру тетіктері, тұрғын үй көмегі және халықты қолдау шаралары туралы ақпарат беріледі.
Тіркелу: https://docs.google.com/forms/d/1_bC0ykimy277zXOfxWqhp4H_Oh2IO04w9PDkLCFTGeY/edit
ЭКСЖ жобалық кеңсесі: +7 776 262 96 05 (Мәдина)