Колл-центр
Шымкент қаласында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері бойынша медиатренинг өтеді
Өтетін орны:
Шымкент қаласы, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 43 B
Өтетін күні:
13 Мамыр 2026 ж.
Басталу уақыты:
10:00
Ұзақтығы:
4 сағат
Сипаттамасы:
Шымкент қаласында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі Ұлттық жобасын (ЭКСЖ) түсіндіруге арналған медиатренинг өтеді. Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері қатысады.
Медиатренинг барысында жобаның өңірлерде іске асырылу барысы, оның қандай мәселелерді шешетіні және қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат беріледі.
Спикерлер қатарында орталық мемлекеттік органдардың, «Бәйтерек» холдингінің, сондай-ақ салалық ұйымдардың өкілдері бар.
Іс-шара аясында ЭКСЖ жобасының негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері және жүзеге асырылған жобалардың тәжірибесі қарастырылады.
Медиатренинг ашық пікір алмасу форматында өтеді. Қатысушылар сұрағын қойып, өзекті мәселелерді спикерлермен бірге талқылай алады.
ЭКСЖ жобалық кеңсесі:
+7 776 262 96 05 (Мәдина)