Қаз

Колл-центр

8 (7172) 99-94-36
Басты бет Іс-шаралар ЭКСЖ ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтеді
Жалпы Астана қаласы

ЭКСЖ ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтеді

Өтетін орны:

Астана қаласы, Тұран даңғылы 75, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ

Өтетін күні:

11 Маусым 2026 ж.

Басталу уақыты:

16:00

Ұзақтығы:

2 сағат

Сипаттамасы:

2026 жылғы 11 маусымда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселелеріне арналған Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтеді.

Отырыс барысында ЭКСЖ жобалары аясында табиғи монополия субъектілерінің тарифтік саясаты және 2026-2029 жылдарға арналған өңірлер бөлінісіндегі болжамды тарифтер талқыланады.

Сондай-ақ электрмен жабдықтау саласындағы табиғи монополия субъектілерінің, атап айтқанда «Ақмола электр желілік тарату компаниясы» АҚ мен «Көкшетау Энерго» ЖШС-нің ЭКСЖ аясындағы қызмет нәтижелері мен ұсыныстары қаралады.

Бұдан бөлек, Қоғамдық кеңестің жұмысын ұйымдастыруға қатысты өзге де мәселелер талқыланады.

ЭКСЖ жобалық кеңсесі: +7 776 262 96 05 (Мәдина)