Колл-центр
ЭКСЖ-ның негізгі нысандарын аралау аясында Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтеді
Өтетін орны:
Теміртау және Қарағанды қалалары
Өтетін күні:
24 Сәуір 2026 ж.
Басталу уақыты:
08:30
Ұзақтығы:
7 сағат
Сипаттамасы:
2026 жылдың 24 сәуірінде Қарағанды облысында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі Ұлттық жобаның негізгі нысандарын аралау аясында Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтеді.
Қоғамдық кеңес мүшелері Теміртау және Қарағанды қалаларындағы коммуналдық инфрақұрылымның негізгі нысандарын аралайды. Қатысушылар жылу желілерін, жылу магистральдарын және су тазарту құрылыстарын жаңғырту жөніндегі жобалардың іске асырылу барысымен танысады.
Инженерлік желілердің тозуын азайту, жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыру және халықты тұрақты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Нысандарды аралау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтеді, онда жобаның іске асырылу барысы, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылымды дамыту құралдарының бірі ретінде тарифтік реттеу мәселелері талқыланады.
ЭКСЖ жобалық кеңсесі:
+7 776 262 96 05