Өскемен қаласы Придеповская көшесі ауданындағы ТК-867-ден ТК-869А-ге дейінгі жылу желісін қайта жаңарту

Жылумен қамту нысандары
Шығыс Қазақстан облысы

Жоба туралы мәліметтер

Бағыт
Жылумен қамту нысандары
Мәртебесі
Іске асырылуда
Мерзімі
16.11.2026
Бюджет
402 257 048,74 теңге
Тапсырыс беруші
«Шығыс Жылу» АҚ
Мердігер
«Сельмонтаж» ЖШС

Жобаға дейінгі мәселелер

Тозуы
100%
Апат деңгейі
Жоғары
Қуат тапшылығы
Жылу шығынының көп болуы

Өскемен қаласының Придеповская көшесі ауданындағы жылу желісі 44 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және өзінің нормативтік қызмет мерзімін толық тауысқан. Құбырлар мен жылу оқшаулағыштарының (изоляциясының) әбден тозуы жылу шығынының артуына, жылумен қамту тиімділігінің төмендеуіне және апат қаупінің пайда болуына әкеп соғады. Соңғы жылдары бұл учаскеде құбырдың зақымдалуы бойынша 4 ақау тіркелген. Қазіргі уақытта бұл жылу желісіне 270 тұрғын үй мен тұрғын үй қаратына жатпайтын нысан қосылған.

Өскемен қаласы Придеповская көшесі ауданындағы ТК-867-ден ТК-869А-ге дейінгі жылу желісін қайта жаңарту

Іске асыру барысы

Прогресс %

Орындау кезеңдері

21.05.2026

Құрылыс-монтаж жұмыстары

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына байланысты 2026 жылғы 21 мамырда № 26000303KR-9-1D0 келісімшарт жасалды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары
Құрылыс-монтаж жұмыстары

Нәтижелер

Тұрғындарға әсері

3,4 мың тұтынушыға жылу тұрақты беріледі.

Өңірге әсері

Қаланың коммуналдық инфрақұрылымының тиімділігі мен сапасы артады.

Техникалық жағдайы Тозығы жеткен учаскелерді ауыстыру жылу желісінің тозу деңгейін төмендетуге, жылу шығынын 287,6 Гкал-ға азайтуға және құбырлардың тоттануын (коррозияға ұшырауын) бәсеңдетуге мүмкіндік береді.
Инфрақұрылым және жабдық Жылу желісін жерасты және жерүсті төсеу үшін ППУ-оқшаулағышы және қорғаныш қабығы бар зауытта дайындалған оқшауланған болат құбырлар орнатылады.
Қамтамасыз ету Тұрақты және сапалы жылумен жабдықтау.