Ақтау қаласындағы «МАЭК» ЖШС-нің 1-жылу электр орталығында (ЖЭО-1) қазандық агрегатын жаңғырту
Жоба орталықтандырылған жылу жүйесінің тиімділігін, сенімділігін және экологиялық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ ол тұтынушылардың қазіргі уақыттағы және болашақтағы жылу қажеттілігін толық өтеуге мүмкіндік береді.
Жоба туралы мәліметтер
Жобаға дейінгі мәселелер
Жылу беру тиімділігінің төмендеуі, шығындардың артуы және жұмыс барысында техникалық апаттардың орын алу қаупінің жоғарылауы.
Іске асыру барысы
Орындау кезеңдері
Шарттарға қол қою, ұйымдастыру-дайындық жұмыстары
Электрондық сатып алу платформасында келесі шарттарға қол қойылды: - «Строительная корпорация Атамекен» ЖШС мердігерлік ұйымымен құрылыс-монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) жүргізуге; - Ұйымдастыру және дайындық жұмыстарын атқаруға; - «Expert Групп» ЖШС мердігерлік ұйымымен техникалық қадағалау қызметін көрсетуге.
Нәтижелер
Ақтау қаласын жылумен тиімді әрі үздіксіз қамтамасыз ету.
Болашақтағы туындауы мүмкін жылу қажеттілігін қамтамасыз ету.