Орал қаласының жер асты су жинағышын кеңейту үшін су алу ұңғымаларын салу

Кәріз, су бұру нысандары
Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласының сумен жабдықтау жүйесі халықтың суға деген өсіп келе жатқан сұранысын жеткілікті деңгейге қамтамасыз ете алмайды. Жазғы кезінде су тапшылығы және желілердегі қысымның төмендеуі туындайды. Жаңа желілердің құрылысы су беруді жылына 2,8 млн ³ ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жоба туралы мәліметтер

Бағыт
Кәріз, су бұру нысандары
Мәртебесі
Іске асырылуда
Мерзімі
19.08.2026
Бюджет
МБҚ ЖАО
Тапсырыс беруші
«Батыс су арнасы» ЖШС
Мердігер
«ЖайықҚұрылыс» ЖШС

Жобаға дейінгі мәселелер

Тозуы
90%
Апат деңгейі
Жоғары
Қуат тапшылығы
25 000 м3

Орал қаласының қазіргі сумен қамту нысандары осыдан 50 жылдан астам уақыт бұрын салынған және олардың тозу деңгейі өте жоғары. Халық санының өсуі, жаңа шағын аудандардың белсенді түрде салынуы және су тұтыну көлемінің артуы қуаттылықтың тапшылығына әкеп соқтырды, бұл тапшылық тәулігіне 25 мың текше метрді құрайды. Жоба қала тұрғындары мен бизнесін тұрақты түрде сумен қамтамасыз етуге және берілетін су көлемін арттыруға бағытталған.

Іске асыру барысы

Прогресс %

Орындау кезеңдері

15.06.2026

Ұңғымаларды бұрғылау

2025 жылы 5 ұңғыма бұрғыланды: № 11э, 10аэ, 10э, 9э, 4э. Әр ұңғыманың су дебиті орта есеппен сағатына 28 текше метрді сағ немесе тәулігіне 672 құрайды, бұл жобалық қуаттылыққа сәйкес келеді. Бұрғыланған ұңғымалардың жалпы өнімділігі орта есеппен тәулігіне 3 360 текше метрді құрап отыр. Бүгінгі таңда сумен жабдықтау желілерін тарту жұмыстары 95%-ға орындалды: 2,8 км су құбыры тартылды.

Ұңғымаларды бұрғылау
Ұңғымаларды бұрғылау
Ұңғымаларды бұрғылау

Нәтижелер

Тұрғындарға әсері

Орал қаласының тұрғындары үшін су беруді ұлғайту, коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту.

Өңірге әсері

Жылына 2,8 млн текше метрге дейін (шамамен 20%-ға) қосымша су беру, Орал қаласын сумен қамтамасыз ету тиімділігін арттыру, жаңа абоненттерді қосу мүмкіндігі.

Техникалық жағдайы Жоба тәулігіне 7 680 текше метр өнімділікті құрайтын жаңа су алу қуаттылықтарын іске қосуды және ұзындығы 2,9 км су құбырын салуды көздейді.
Инфрақұрылым және жабдық Әрқайсысының қуаттылығы 90 кВт алты сорғыны 300 м ³/сағ беру параметрлерімен және 62 метр қысыммен орнату. Заманауи басқару шкафтары.
Қамтамасыз ету Сумен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыру.