Орал қаласы, «Строитель» шағын ауданындағы орамішілік желілерді қайта жаңғырту

Жылумен қамту нысандары
Батыс Қазақстан облысы

Кварталішілік жылу желілері 1979-2010 жылдар аралығында салынған. Бұл шағын аудандағы құбырлардың пайдалану мерзімі 15-40 жыл. Жылу желілерінің тозу деңгейі 82,5%-ды құрайды. «Строитель» шағын ауданының кварталішілік жылу желілері жер асты және жер үстімен жүргізілген, жалпы ұзындығы 8,831 км. «Строитель» шағын ауданындағы кварталішілік тарату желілерін қайта құру Циолковский, Шолохов, С. Датов және Әбілқайыр хан көшелерінің шекарасы аумағында қолданыстағы желілер трассасы бойымен құбырларды қайта төсеуді қарастырады. Қайта құру барысында МЕМСТ 10705 стандарты бойынша 20 ст. маркалы болаттан жасалған, диаметрі 2Д57–426 мм құбырлар төселеді. Құбырлар пенополиуретанмен (ППУ) және полиэтилен немесе мырышталған болат қабықпен қапталып жерге төсеу тәсіліне байланысты жылу оқшаулауланады. МЕМСТ 30732 стандартына сәйкес ППУ оқшаулауы бар құбырлар, жылу оқшаулау қабатының ылғалданған учаскелерін анықтау үшін жедел қашықтан бақылау жүйесімен (ЖҚБЖ) жабдықталады. Сонымен қатар жертөле ішіне төсеу кезінде МЕМСТ 10705 бойынша 20 ст. маркалы болат құбырлар қолданылып, олар тігісті маттармен оқшауланып, қорғаныш қабатымен қапталады. Жоба аясында трасса бойындағы барлық бекіту арматурасы, сондай-ақ темірбетонды өтпейтін канал элементтері, жылжымалы және қозғалмайтын тіректер, бекіту арматурасын қызмет көрсетуге арналған металл баспалдақтар мен алаңшалар демонтаждалып, қайта монтаждалады. Бекіту арматурасы энергия үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдармен және сұйық жылу оқшаулағышпен (жобалық шешімге сәйкес) оқшаулау қарастырылады.

Жоба туралы мәліметтер

Бағыт
Жылумен қамту нысандары
Мәртебесі
Жоспарлануда
Мерзімі
01.06.2026
Бюджет
1 863 894 450,50 теңге
Тапсырыс беруші
«Жайықжылуқуат» АҚ
Мердігер
«Алматыинжстрой» АҚ

Жобаға дейінгі мәселелер

Тозуы
82%
Апат деңгейі
Жоғары
Қуат тапшылығы
Қуат тапшылығы жоқ

Кварталішілік жылу желілері 1979-2010 жылдар аралығында салынған. Бұл шағын аудандағы құбырлардың пайдалану мерзімі 15-40 жыл. Жылу желілерінің тозу деңгейі 82,5%-ды құрайды

Орал қаласы, «Строитель» шағын ауданындағы орамішілік желілерді қайта жаңғырту
Орал қаласы, «Строитель» шағын ауданындағы орамішілік желілерді қайта жаңғырту

Іске асыру барысы

Прогресс %

Орындау кезеңдері

20.07.2027 ж.

«Строитель» шағын ауданындағы орамішілік жылу желілерін қайта құру

Бұл жұмыс аясында жалпы ұзындығы 8,831 шақырым болатын жылу құбырлары ЖҚБ (жедел қашықтан бақылау) жүйесі бар, ППУ-мен (пенополиуретанмен) қапталған, диаметрі 2Ду 57-426 мм құбырларға ауыстырылады, сондай-ақ темір-бетон бұйымдары мен бекіткіш арматуралар жаңартылады.

«Строитель» шағын ауданындағы орамішілік жылу желілерін қайта құру
«Строитель» шағын ауданындағы орамішілік жылу желілерін қайта құру
«Строитель» шағын ауданындағы орамішілік жылу желілерін қайта құру

Нәтижелер

Тұрғындарға әсері

Жылу магистралін қайта жаңарту жобасы аяқталғаннан кейін 14 500 тұрғын сапалы қызметтермен қамтамасыз етіледі.

Өңірге әсері

Строитель шағынауданындағы экономиканың дамуына оң әсерін тигізіп, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына алып келеді.

Техникалық жағдайы зындығы 8,831 км 2Ду57-426 мм жылу желілері реконструкцияланады және жаңғыртылады.
Инфрақұрылым және жабдық Жаңа материалдар мен жабдықтарды қолдану. Құбырлар пенополиуретанмен (ППУ) және полиэтилен немесе мырышталған болат қабықпен қапталып жерге төсеу тәсіліне байланысты жылу оқшаулауланады. ППУ оқшаулауы бар құбырлар, жылу оқшаулау қабатының ылғалданған учаскелерін анықтау үшін жедел қашықтан бақылау жүйесімен (ЖҚБЖ) жабдықталады.
Қамтамасыз ету Жылу магистралін қайта жаңарту және желілердің тозуын 82,5%-дан 0,9%-ға дейін төмендету арқылы тұтынушыларды сенімді және үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету.