Атырау қаласындағы №1 кәріз сорғы станциясын (КСС-1) қайта жаңғырту

Кәріз, су бұру нысандары
Атырау облысы

Жоба қолданыстағы ғимаратты бөлшектеу мен жаңа ғимаратты монтаждауды, технологиялық жабдықтарды, коллекторларды, электр жабдықтарын ауыстыруды қоса алғанда, кәріздік сорғы станциясын қайта жаңартуды көздейді.

Жоба туралы мәліметтер

Бағыт
Кәріз, су бұру нысандары
Мәртебесі
Жоспарлануда
Мерзімі
15.12.2027
Бюджет
1 427 669 633 теңге
Тапсырыс беруші
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК, «Атырау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ
Мердігер
анықталмаған

Жобаға дейінгі мәселелер

Тозуы
95%
Апат деңгейі
Бір жыл ішіндегі 18 апат
Қуат тапшылығы
до ~200 МВт

№1 кәріз сорғы станциясы 1970 жылы іске қосылған, оның тозу деңгейі өте жоғары – 95%-ды құрайды. Пайдалануға берілгеннен бері нысанға күрделі жөндеу жүргізілмеген, соның салдарынан сорғы жабдықтары жиі істен шығады. Жыл сайын шамамен 18 апат тіркеледі, бұл ағынды суларды айдаудың тоқтап қалуына, іргелес аумақтарды су басуына әкеледі және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлау қаупін тудырады. Бұдан бөлек, станцияның қазіргі қуаттылығы су бұру жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге жеткіліксіз.

Атырау қаласындағы №1 кәріз сорғы станциясын (КСС-1) қайта жаңғырту

Іске асыру барысы

Прогресс %

Орындау кезеңдері

25.06.2026

Уәкілетті органдардың қарауында

Жоба уәкілетті органдарда қаралу сатысында.

Уәкілетті органдардың қарауында

Нәтижелер

Тұрғындарға әсері

Атырау қаласының Махамбет, Абай, Дружба және С. Датов көшелерінде орналасқан тұрғындар мен нысандар үшін су бұру қызметінің сапасы мен тиімділігін арттыру.

Өңірге әсері

Ағынды суларды тұрақты түрде бұруды қамтамасыз ету және апаттық жағдайларды азайту есебінен аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы мен экологиялық күйін жақсарту.

Техникалық жағдайы Қолданыстағы ғимаратты бұзып, жаңа ғимарат салу, технологиялық және электротехникалық жабдықтарды, кәріз коллекторлары мен құбыр желілерінің пішінді бөлшектерін (фасондық бөліктерін) ауыстыра отырып, №1 кәріз сорғы станциясын қайта жаңғырту.
Инфрақұрылым және жабдық Жаңа кәріз коллекторларын, электр жабдықтары желілерін, сорғы агрегаттарын, тиекті арматураны, кері клапандарды, ұсақтағыш-ұнтақтағыштарды орнату.
Қамтамасыз ету Су бұру жүйесінің тиімді жұмысы, апатты азайту және тұрғын үйлерден және әлеуметтік және коммерциялық инфрақұрылым нысандарынан сарқынды сулардың тұрақты ағуын қамтамасыз ету.