Атырау қаласындағы Пав.4 М2 - Пав.1 М2а учаскесінің магистральдық жылу желісін қайта жаңарту

Жылумен қамту нысандары
Атырау облысы

Атырау қаласының орталық бөлігін жылумен қамтамасыз ететін жалпы ұзындығы 7,99 км Пав.4 М2 - Пав.1 М2а учаскесінің магистральдық жылу желісін қайта жаңарту жоспарланған.

Жоба туралы мәліметтер

Бағыт
Жылумен қамту нысандары
Мәртебесі
Жоспарлануда
Мерзімі
11.11.2027
Бюджет
4 507,317 млн теңге
Тапсырыс беруші
«Атырау жылу желілері» ЖШС
Мердігер
анықталмаған

Жобаға дейінгі мәселелер

Тозуы
95%
Апат деңгейі
Жоғары
Қуат тапшылығы
мәлімет жоқ

Жылу құбырының бұл бөлігі 1971 жылы іске қосылған және 54 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Диаметрі 530 мм болатын құбырлардың іші де, сырты өртеніп, тот басып кеткен. Құбырды сыртынан орайтын жылу сақтағыш қаптаманың (изоляцияның) 80%-дан астамы тозып, жарамсыз болып қалған. Суды бекітетін крандардың (запорная арматура) 60%-дан астамын ауыстыру керек. Салдарынан жылудың 18%-дан 30%-ға дейінгі бөлігі далаға кетеді. Бұл үйлерге жылудың нашар жетуіне, жөндеу шығындарының өсуіне және құбырдың жарылып кету қаупінің артуына әкеп соғады.

Атырау қаласындағы Пав.4 М2 - Пав.1 М2а учаскесінің магистральдық жылу желісін қайта жаңарту

Іске асыру барысы

Прогресс %

Орындау кезеңдері

25.06.2026

Қаржыландыру мәселесін қарау

Жобаны Ұлттық жобаның іс-шаралар тізіміне енгізу және қаржыландыру көздерін айқындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Нәтижелер

Тұрғындарға әсері

Атырау қаласының орталық бөлiгiнiң 26 000-нан астам тұрғынын тиімді және үздiксiз жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету.

Өңірге әсері

Коммуналдық жүйелердің жұмысын тиімді ету, апатты азайту және қаланың одан ары қарай өсіп-өркендеуіне (жаңа үйлер салуға) жағдай жасау.

Техникалық жағдайы Тозған құбырлар мен жабдықтарды ауыстыра отырып, 7,99 км магистральдық жылу желісін қайта жаңарту.
Инфрақұрылым және жабдық Жаңа жылу құбырлары, су бекітетін крандар, құбыр тіреуіштері, желінің күйін бақылап отыратын жүйе және заманауи есептегіштер.
Қамтамасыз ету Жылудың далаға кетуін (18-30%-дан ережеде бекітілген қалыпты деңгейге дейін) азайту, апат салдарынан жылудың өшіп қалуын азайту және үйлерге жылудың тиімді әрі үздіксіз баруын қамтамасыз ету.