Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Жиделі ауылында әр үйге бөлек суды есепке алу құралдарын орнату
Жоба Арыс қаласының Жиделі елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін 333 жеке су есептеу аспабын және бір шығын өлшегішті орнату арқылы аспаптандыруды көздейді.
Жоба туралы мәліметтер
Жобаға дейінгі мәселелер
Қазіргі уақытта Арыс қаласына қарасты ауылдарда тек механикалық су есептегіштер қолданылады. Бұл судың қаншалықты жұмсалып жатқанын жедел бақылауға кедергі келтіріп, ысырап болған жерлерді анықтауды қиындатады және су жүйесін басқару тиімділігін төмендетеді. Ал электронды есептегіш құралдарын орнату суды бөлу процесін оңтайландыруға және су ресурстарының шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Іске асыру барысы
Орындау кезеңдері
Сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру
Жоба жұмыстарды, тауарлар мен қызметтерді сатып алу сатысында тұр.
Нәтижелер
Суды тұтынуды ашық есепке алу, сумен жабдықтау қызметтерінің сапасы мен сенімділігін жақсарту.
Су шығынын азайту, сумен жабдықтау жүйесін басқару тиімділігін арттыру және су ресурстарын ұтымды пайдалану.