СҚО, Петропавл қаласындағы Ульянов, Әуезов, Попов және 314-ші Атқыштар дивизиясы көшелерінің бойындағы кәріз коллекторын қайта жаңарту

Кәріз, су бұру нысандары
Солтүстік Қазақстан облысы

Жоба Петропавл қаласының кәріз инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған.

Жоба туралы мәліметтер

Бағыт
Кәріз, су бұру нысандары
Мәртебесі
Іске асырылуда
Мерзімі
03.07.2028
Бюджет
1 388 631 350
Тапсырыс беруші
«Қызылжар су» ЖШС
Мердігер
«УК Строй» ЖШС

Жобаға дейінгі мәселелер

Тозуы
100%
Апат деңгейі
Жоғары
Қуат тапшылығы
мәлімет жоқ

1976 жылы салынған кәріз коллекторы 100% ескірген, оның пайдаланылып жатқанына 40 жылдан асты. Жалғыз 2022-2024 жылдардың ішінде бұл жерде 14 апат болды. Құбырдың су өткізу қабілетінің төмендігі және оның мүшкіл күйі кәріз жүйесінің толып кетуіне әкеліп соғады. Салдарынан тұрғын үйлердің жертөлелерін су басып, лас су сыртқа шығып жатыр. Сондай-ақ, бұл жағдай жаңа үйлер мен ғимараттарды кәріз жүйесіне қосуға кедергі жасап отыр.

СҚО, Петропавл қаласындағы Ульянов, Әуезов, Попов және 314-ші Атқыштар дивизиясы көшелерінің бойындағы кәріз коллекторын қайта жаңарту

Іске асыру барысы

Прогресс %

Орындау кезеңдері

02.06.2026

Техникалық тексеру

Нысанға техникалық тексеру жүргізіліп, инженерлік зерттеу жұмыстары орындалды.

Техникалық тексеру
Техникалық тексеру

Нәтижелер

Тұрғындарға әсері

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту, тұрғын үйлердің жертөлелерін су басу және лас судың сыртқа шығып кету қаупін азайту.

Өңірге әсері

Қалалық су бұру жүйесiнiң сенiмдi жұмысы, жаңа тұрғын үй орамдарын, әлеуметтiк нысандар мен кәсiпорындарды қосу үшiн өткiзу қабiлетiнiң резервiн құру.

Техникалық жағдайы Кәріз коллекторын жаңғырту және жаңарту.
Инфрақұрылым және жабдық Ескірген құбырларды диаметрі 800–1000 мм болатын заманауи полиэтилен құбырларға ауыстыра отырып, 2,5 шақырым кәріз коллекторын қайта жаңарту.
Қамтамасыз ету Коллектордың су өткізу қабілетін қалыпты деңгейге келтіру, судың бөгелуі мен жүйенің толып кетуін жою.