СҚО, Петропавл қаласындағы Нефтепроводная көшесінің бойымен КСС-3-тен Гагарин көшесіне дейінгі кәріз коллекторын қайта жаңарту

Кәріз, су бұру нысандары
Солтүстік Қазақстан облысы

Жоба 4,1 км кәріз коллекторын жаңартуды, тозған құбырларды қазіргі заманғы диаметрі 1000 мм полиэтиленді құбырларға ауыстыруды көздейді. Коллектордың нормативтік өткізу қабілетін қалпына келтіру.

Жоба туралы мәліметтер

Бағыт
Кәріз, су бұру нысандары
Мәртебесі
Іске асырылуда
Мерзімі
03.07.2028
Бюджет
2 371 702 271
Тапсырыс беруші
«Қызылжар су» ЖШС
Мердігер
«УК Строй» ЖШС

Жобаға дейінгі мәселелер

Тозуы
100%
Апат деңгейі
Жоғары
Қуат тапшылығы
мәлімет жоқ

Нысан Петропавловск қаласының аумағында орналасқан. Кәріз құбыры өтетін жердің кейбір тұстары ашық даламен, ал негізгі бөлігі батпақты жерлер арқылы өтеді. Бұл – қаладағы басты кәріз коллекторларының бірі. Ол Бензострой кенті мен Береке шағын ауданының, сондай-ақ өндірістік аймақтағы көптеген кәсіпорындар мен зауыттардың лас суын қабылдайды. Коллектордың су өткізу көлемі жаңа тұтынушыларды қосуға жетпейді. Құбырдың іші тұрақты түрде үштен екі бөлігінен астам толып тұрады және су жиі бөгеліп (тіреліп) қалады. Ал көктемгі су тасқыны кезінде құбырлар мүлдем толып кетеді. Салдарынан тұрғын үйлердің жертөлелерін су басып, осы аудандағы өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады.

СҚО, Петропавл қаласындағы Нефтепроводная көшесінің бойымен КСС-3-тен Гагарин көшесіне дейінгі кәріз коллекторын қайта жаңарту

Іске асыру барысы

Прогресс %

Орындау кезеңдері

02.06.2026

Техникалық тексеру

Нысанға техникалық тексеру жүргізіліп, инженерлік зерттеу жұмыстары орындалды.

Техникалық тексеру
Техникалық тексеру

Нәтижелер

Тұрғындарға әсері

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру.

Өңірге әсері

Жаңа тұтынушыларды қосу үшін қосымша мүмкіндік (резерв) жасау, экологиялық қауіп-қатерді азайту және қала мен өндіріс инфрақұрылымын әрі қарай дамытуға жағдай жасау.

Техникалық жағдайы Коллектордың су өткізу қабілетін қалыпты деңгейге келтіру, судың бөгелуі мен жүйенің толып кетуін жою, сондай-ақ ескірген құбырлар мен жабдықтарды ауыстыру.
Инфрақұрылым және жабдық Тозған құбырларды қазіргі заманғы диаметрі 1000 мм полиэтиленді құбырларға ауыстыра отырып, 4,1 км кәріз коллекторын қайта жаңарту.
Қамтамасыз ету Қаланың кәріз жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі.