СҚО, Петропавл қаласында көрсеткіштерді қашықтан жіберу жүйесі бар үйге ортақ есепке алу аспаптарын орнату
Аспаптандыру жөніндегі жоба Петропавл қаласында сумен жабдықтауды қашықтықтан есепке алуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Жоба туралы мәліметтер
Жобаға дейінгі мәселелер
Суды есепке алу мәліметтерді қашықтан автоматты түрде жинайтын жүйесіз жүргізілді. Бұл есеп айырысудың ашықтығын төмендетіп, судың жұмсалу көлемін тез арада бақылап отыруды қиындатты. Тұтынылған су мөлшерін (көрсеткішін) қолмен жинау көп еңбекті талап етті, қателіктердің кету қаупін арттырды және судың ағуы мен оны рұқсатсыз пайдалану сияқты заңбұзушылықтарды уақытында анықтауға мүмкіндік бермеді. Нақты әрі жаңа мәліметтердің болмауы сумен қамтамасыз ету жүйесін тиімді басқаруға және коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуды жоспарлауға да кедергі келтірді.

Іске асыру барысы
Орындау кезеңдері
Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу
Жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленуде. Қажетті инженерлік ізденістер мен жобалық шешімдерді дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Нәтижелер
Судың жұмсалуын ашық әрі дәл есепке алу, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру және оларды алуды ыңғайлы ету.
Сумен жабдықтау жүйесін цифрландыру, пайдалану шығындарын төмендету.