БҚО Жәнібек, Тасқала және Жаңақала аудандарында ӘЖ-35 кВ әуе желілерін қайта жаңарту және салу

Электрмен жабдықтау нысандары
Батыс Қазақстан облысы

Жоба аясында кернеуі 35 кВ әуе электр желілерін қайта жаңарту және олардың кейбір учаскелерін 10 кВ кернеуге көшіру көзделген. Осы жұмыстар аясында Жәнібек ауданындағы «Жақсыбай – Таловка» 35 кВ әуе желісін қайта жаңартып, 10 кВ кернеуге көшіру және «Паника – КазССР-іне 40 жыл» 35 кВ әуе желісін қайта жаңарту жоспарланған. Сонымен қатар Тасқала ауданындағы «Мәртөк» қосалқы станциясынан «Пятимар – Жаңаталап» 35 кВ әуе желісіне дейін «кіру-шығу» схемасы бойынша жұмыстарды орындау, Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында жаңа «Жаңақала – Мәштексай» 35 кВ әуе желісін салу көзделген.

Жоба туралы мәліметтер

Бағыт
Электрмен жабдықтау нысандары
Мәртебесі
Жоспарлануда
Мерзімі
31.12.2026
Бюджет
1 584 104 000 теңге
Тапсырыс беруші
«БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АЭЖК» ЖШС
Мердігер
«Иртыш Электромонтаж» ЖШС

Жобаға дейінгі мәселелер

Тозуы
90%
Апат деңгейі
Жоғары
Қуат тапшылығы
~200 МВт-қа дейін

Бірқатар учаскелердегі электр желілері мен жабдықтар әбден тозған. Олардың қолданылып келе жатқанына 25-35 жыл болған. Бұл жағдай апаттың жиі болуына, электр қуатымен қамтамасыз ету жұмысының төмендеуіне және электр энергиясы шығынының артуына әкеліп соғады.

БҚО Жәнібек, Тасқала және Жаңақала аудандарында ӘЖ-35 кВ әуе желілерін қайта жаңарту және салу

Іске асыру барысы

Прогресс %

Орындау кезеңдері

Нәтижелер

Тұрғындарға әсері

Тұрғындар, әлеуметтік объектілер мен кәсіпорындар үшін электрмен жабдықтау тұрақтылығын және электр энергиясының сапасын арттыру.

Өңірге әсері

Облыстың шалғай аудандарында энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ жаңа тұтынушыларды қосуға, бизнесті және ауыл шаруашылығын өркендетуге жағдай жасау.

Техникалық жағдайы 35 кВ электр беру желілерін қайта жаңарту және олардың жүктемесін ішінара 10 кВ деңгейіне көшіру жұмыстары жүргізілді. Жаңадан «Жаңақала – Мәштексай» 35 кВ әуе желісі салынды. Сонымен қатар бағаналар (тіректер), сымдар, оқшаулағыштар мен коммутациялық жабдықтар ауыстырылды.
Инфрақұрылым және жабдық Қазіргі нормативтер мен талаптарға сай келетін заманауи электр беру желілері мен жабдықтар орнатылды. Қосымша электр қуатын қосуға (жүктемелерді арттыруға) жағдай жасалды.
Қамтамасыз ету Жаңғырту электр желілерінің тұрақты жұмыс істеуі мен басқарылуын арттырады, апат қаупі мен электр энергиясының шығынын қысқартады.