БҚО, Орал қаласындағы сорғы жабдығы мен су құбырының қуатын арттыра отырып, ҚАСС-20 реконструкциялау
Жоба шеңберінде құбыр диаметрін 300-ден 500 мм-ге дейін ұлғайту және сорғы станциясының қуатын арттыру көзделген.
Жоба туралы мәліметтер
Жобаға дейінгі мәселелер
Жоба су құбыры желілері мен сорғы станциясының өткізу қабілетін арттыра отырып, Зашаған кентінің сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуды көздейді. Жұмыс шеңберінде диаметрі 300-ден 500 мм-ге дейін ұлғайтылған құбыр учаскесін ауыстыру, сондай-ақ сорғы жабдығын жаңғырту жоспарлануда, бұл жүйенің өнімділігін 785-тен 860 м ³/сағ дейін арттыруға мүмкіндік береді. 2010 жылы пайдалануға берілген нысан белсенді дамып келе жатқан поселке мен жаңа тұрғын үй алаптарына қажетті қуат қорын қамтамасыз етпейді.

Іске асыру барысы
Орындау кезеңдері
2025 жылы ұзындығы 1,473 км болатын су құбыры тартылды. Оның 1,0 шақырымы ашық әдіспен (жерді қазу арқылы), ал 473 метрі бағытталған көлденең бұрғылау әдісімен (жер астымен) жүргізілді. Сондай-ақ мердігер мекеме дизельді генератор қондырғысын сатып алды. Қазіргі уақытта хлорлау станциясының электролиз қондырғысын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Нәтижелер
18 000 тұрғын мен 40 әлеуметтік нысанды сапалы, тиімді сумен қамтамасыз ету
Сумен жабдықтау жүйесінің тиімділігін арттыру, құбырлардың тозуы мен апат қаупін азайту, сондай-ақ Зашаған кентінің өсіп келе жатқан халқын сумен қамтамасыз ету және жаңа шағын аудандарды дамыту үшін қосымша қуат көзін (резерв) жасау.