Атырау қаласының КСС-Геолог кәріз сорғы станциясын қайта жаңарту
Жоба аясында Атырау қаласының Геолог кентінде орналасқан ескірген КСС жабдықтарын ауыстыруды, станцияның жаңа ғимаратын салу қарастырылған.
Жоба туралы мәліметтер
Жобаға дейінгі мәселелер
«Геолог» кәріз сорғы станциясы 1987 жылы пайдалануға берілген. Нысан 85% тозған, пайдалану кезеңінде күрделі жөндеу жүргізілмеген. Сорғы агрегаттары мен технологиялық жабдықтардың тозу деңгейінің жоғары болуы олардың жиі істен шығуына әкеп соғады, соның салдарынан жиі апат болды. Бұдан бөлек, станцияның қазіргі өнімділігі (сағатына 190 м³) су бұру жүйесінің ағымдағы қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Бұл ағынды суларды бұруда іркілістер тудырып, іргелес аумақтарды су басуға әкеледі және санитарлық-эпидемиологикалық әрі экологиялық жағдайдың нашарлау қаупін тудырады.

Іске асыру барысы
Орындау кезеңдері
Конкурстық рәсімдерді өткізу
Жоба уәкілетті органдардың қарауында жатыр.
Нәтижелер
Атырау қаласының Геолог шағын ауданында және Береке шағын ауданында орналасқан нысандардан сарқынды суларды бұру қызметінің сапасын арттыру.
Аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын және экологиялық жағдайын жақсарту.