Атырау қаласының КСС-5 кәріз сорғы станциясын қайта жаңарту

Кәріз, су бұру нысандары
Атырау облысы

Жоба кәріздік сорғы станциясын қайта жаңартуды, жаңа ғимарат салуды, жабдықтар мен коллекторларды ауыстыруды көздейді.

Жоба туралы мәліметтер

Бағыт
Кәріз, су бұру нысандары
Мәртебесі
Жоспарлануда
Мерзімі
13.11.2027
Бюджет
1 610 673 250
Тапсырыс беруші
Атырау облысы Су Арнасы КМК «Атырау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ
Мердігер
анықталмаған

Жобаға дейінгі мәселелер

Тозуы
95%
Апат деңгейі
Жылына 78 апат
Қуат тапшылығы
жоқ

1972 жылы салынған № 5 кәріз сорғы станциясы ұзақ уақыт бойы күрделі жөндеу жүргізілместен пайдаланылып келеді. Сондықтан қазіргі кезде әбден тозған. Сорғы агрегаттары мен технологиялық жабдықтардың тозу деңгейінің жоғары болуы олардың жиі істен шығуына және апатты жағдайда тоқтап қалуына әкеп соғады. Соның салдарынан тұрғын үйлер мен басқа да нысандардан ағынды суларды бұруда іркілістер туындап, сондай-ақ іргелес аумақтарды су басу жағдайлары болып жатыр. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайдың нашарлау қаупін тудырады.

Атырау қаласының КСС-5 кәріз сорғы станциясын қайта жаңарту

Іске асыру барысы

Прогресс %

Орындау кезеңдері

25.06.2026

Конкурс өткізу сатысында

Жоба уәкілетті органдардың қарауында жатыр.

Нәтижелер

Тұрғындарға әсері

Атырау қаласының Авангард-2, Авангард-4 шағын аудандары мен Сәтбаев көшесінің бойында орналасқан тұрғындар мен нысандардан ағынды суларды бұру қызметінің сапасын арттыру.

Өңірге әсері

Аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын және экологиялық жағдайын жақсарту.

Техникалық жағдайы КСС реконструкциялау, жаңа ғимарат салу, технологиялық және электр жабдықтарын ауыстыру.
Инфрақұрылым және жабдық Жаңа кәріз коллекторларын, электр жабдықтары желілерін, сорғы агрегаттарын, тиекті арматураны, кері клапандарды, ұсақтағыш-ұнтақтағыштарды орнату.
Қамтамасыз ету Тиімді су бұру қызметтері.