Астана қаласында 20-10-0,4 кВ тарату желілерін қайта жаңарту (IV кезең)
Астана қаласындағы «Астана-АЭК» АҚ балансындағы 0,4 кВ тарату желілерін реконструкциялау жұмыстары аясында РП-215 тарату пунктінен «Астана Балет» және «Қазақ ұлттық хореография академиясы» нысандарына дейінгі ескірген кабель желісін ауыстыру көзделген.
Жоба туралы мәліметтер
Бағыт
Электрмен жабдықтау нысандары
Мәртебесі
Іске асырылуда
Мерзімі
16.11.2026
Бюджет
200 000 000 теңге
Тапсырыс беруші
«Астана-АЭК» АҚ
Мердігер
«Иртышэлектромонтаж» ЖШС
Жобаға дейінгі мәселелер
Тозуы
33,3%
Апат деңгейі
2024-2025 жылдары 33 өшіру тіркелді
Қуат тапшылығы
0
Кабель желілері қаланың тығыз салынған аймағында орналасқан. Оларды пайдалану барысында кабельді ұрлау деректері бірнеше рет тіркелген, бұл жалғағыш муфталар санының артуына және электрмен жабдықтау тиімділігінің төмендеуіне әкеп соқтырды.
Іске асыру барысы
Орындау кезеңдері
08.06.2026
Топырақты дайындау, кабель төсеу
Ескірген кабельді бөлшектеу (демонтаждау) жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижелер
Тұрғындарға әсері
Электрмен жабдықтау сапасын арттыру.
Өңірге әсері
Коммуналдық қызметтерді үздіксіз ұсыну, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту.
Техникалық жағдайы
Ұзындығы 9,59 км КЖ-0,4 кВ кабель желілерін ауыстыру.
Инфрақұрылым және жабдық
Жаңа кабель желілері.
Қамтамасыз ету
Электрмен жабдықтаудың тиімділігі мен қауіпсіздігі.