Қаз

18 Қыркүйек 2025 ж.

Павлодарда жаңа жылу магистралі салынуда

ЭКСЖ, МЭКС, модернизация - МЭКС

Павлодарда ТМ20 жылу магистралінің құрылысы басталды, ол 50 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп тұр. Жоба «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында іске асырылуда. 

ТМ20А жаңа жылу магистралінің құрылысы Павлодардағы №1 сорғы станциясы — ЖЭО1 учаскесінде салынуда. 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі биыл 28 шілдесінде облигациялар шығару туралы №398 бұйрыққа қол қойды.

Ал 3 қыркүйекте «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ облигацияларды сатып алуды жүзеге асырды.

Ұзындығы – 6 км, мердігер ұйым – «ДАНиЕР» ЖШС, жоба сомасы – 9 743,1 млн теңге.

Жобаны іске асыру келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

ЖЭО-1 арқылы жылумен қамтамасыз етілетін абоненттердің (шамамен 600 КТҮ – 124,5 мың адам) гидравликалық режимін жақсарту;

Қаланың жылу желілерінің тозу деңгейін 0,6%-ға төмендету.

Бүгінгі таңда жоспарланған 6 шақырымның 4,8 шақырымы немесе 80%-ы орындалды.

Құрылыс учаскесінде 20 бірлік арнайы техника, оның ішінде автокрандар - 8 бірлік, тиегіштер – 3 бірлік, экскаваторлар – 2 бірлік, Камаздар – 4 бірлік, тракторлар – 3 бірлік.

​Жалпы жұмысшылар саны – 76 адам, оның ішінде: инженерлік-техникалық қызметкерлер (ИТҚ) – 5 адам, бетоншылар (арматурашылар) – 30 адам, дәнекерлеушілер (кесушілер) – 16 адам, әртүрлі қарапайым жұмысшылар – 5 адам, машинистер – 20 адам.