Қаз

3 Қыркүйек 2025 ж.

ЭКСЖ жобалары бойынша шығындардың қайда жұмсалғаны және қаражаттың қайтарылуы қалай қамтамасыз етіледі

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру аясында қарыз қаражатын қайтаруды меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік немесе жеке меншік қарыз алушы - табиғи монополиялар субъектісінің өзі қамтамасыз ететін болады. Бұл ретте қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау қосымша тетіктер арқылы күшейтіледі.

«Бәйтерек ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Әлия Мырзағалиеваның айтуынша, қарыз алушылар үшін отандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережелерін сақтауды, сондай-ақ қаржы қаражатын тиімді басқаруды қамтамасыз етуді құрайтын міндеттемелер белгіленген.

«Егер артық қаражат немесе табыс пайда болса, оларды келіспей-ақ жұмсауға болмайды. Сонымен қатар, акционерлер қарызды толық қайтармайынша дивидендтер төлей алмайды. Мұндай шаралар қаражаттың қайтарылуына кепілдік береді», - деп түсіндірді ол.

Жұмыстардың мониторингін холдинг қана емес, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ техникалық операторы да жүргізетін болады.

«Жұмыстарды орындау фактісін тек қарыз алушы немесе мердігер ғана емес, сонымен қатар үшінші тарап аккредиттелген ұйымдары да растайды. Осыдан кейін ғана холдинг қаржыландыруды жүзеге асырады», - деді Әлия Мырзағалиева.