Колл-центр
13 Қараша 2025 ж.
26 кәсіпорын ЭКСЖ электрондық платформасы арқылы сатып алуға қатысу үшін өтінім берді
Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі Жобалық кеңсенің отырысы өтті.
Қараша айынан бастап meks.zakup.sk.kz электрондық сатып алу платформасы іске қосылды. Бұл платформада ұлттық жобаға қатысушы барлық коммуналдық кәсіпорын тіркелген.
26 кәсіпорын 174 жоба бойынша жалпы сомасы шамамен жарты триллион теңгеге өтінім берді. 2026 жылға қажетті тауарлардың тізімі анықталды. Ұлттық жобаны жүзеге асыру үшін тауар жеткізуге дайын 680 әлеуетті ЕРС-мердігер мен 172 отандық өндіруші айқындалды.
Жиында аз қамтылған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары да қаралды. Биыл 9,6 мың отбасы коммуналдық қызметтерге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтемақы алды.
Қанат Бозымбаев тұрғын үй көмегін көрсету тетігін жеңілдетуді және халық арасында қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.