Инфрақұрылымды дамыту ірі қалаларда (Астана, Алматы, Шымкент) және өнеркәсіптік аймақтарда (Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары) шоғырланған.

Шалғайдағы, ауылдық және аз қоныстанған аудандарда (әсіресе батыс және оңтүстік өңірлерде) сапалы коммуналдық инфрақұрылымның тапшылығы байқалады.

Еліміздің бірқатар өңірлерінде сумен жабдықтау және су бұру нысандарының бір бөлігі толығымен жеке компаниялардың меншігінде. Мысалы, Шымкент пен Павлодарда. Мемлекеттік емес меншіктің қатысуымен аудан қалаларының су шаруашылығы кәсіпорындары құрылуда. Шымкентте бұл кәсіпорындардың 78%, Қарағандыда 49%, Павлодарда 20% құрайды.

20 мың адамға дейін халқы бар қалалар мен ауылдық округ орталықтарында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жұмысына бірінші кезекте жеке сумен жабдықтаушы ұйымдар жауапты.

Жеке меншігіндегі су шаруашылығы кәсіпорындары өз міндеттемелерін орындай алмаған мысалдар бар. Нәтижесінде сумен жабдықтау және су бұру нысандары коммуналдық меншікке қайтарылды.