Жылумен жабдықтауда Smart Metering, электр энергетикасында – Smart Grid, сумен жабдықтау және кәріз секторында Smart Water жүйесі енгізіледі.
Бұл мына мүмкіндіктерді береді:
- жылу, электр және су шығындарын барынша азайту және соның нәтижесінде қаржылық шығындарды азайту;
- басқару процестерін оңтайландыру және коммуналдық қызмет тиімділігін арттыру;
- өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің тиімділігін арттыру;
- есепке алудың дұрыстығын арттыру және тұтынуға бақылауды жақсарту;
- сәтсіздіктер мен төтенше жағдайларға жедел әрекет ету;
- ұсынылатын қызметтердің сенімділігі мен сапасын айтарлықтай арттыру;
- шығыстарды бақылау мен есепке алудың дәлдігі мен тиімділігін арттыру.