Ұлттық жоба Қазақстанның барлық аймақтарын қамтиды. Ол келесі салаларға әсер етеді:
Электрмен жабдықтау желілерінде орташа тозу 76% болса, электр станцияларында негізгі жабдықтардың тозуы 56,8%-ға жетті, ал станциялардың үштен бірінен астамының тозуы 70-90% аралығында.
Жылумен жабдықтау секторы жылу энергиясын өндіруден тұтынуға дейін төмен тиімділікпен (қазандықтар үшін орта есеппен 75%, бүкіл жүйе бойынша 52%), жоғары шығарындылармен және жылу шығындарымен (жылуды тасымалдау және бөлу кезеңінде 18-42%) сипатталады.
Сумен жабдықтауда инфрақұрылымның тозуының орташа деңгейі 40% құрайды. Көптеген сумен жабдықтау желілерінің жұмысы 30 жылдан асқан. Кейбір өңірлерде су құбыры желілері мен сумен жабдықтау нысандарының тозуы 50 пайыздан асады.
Қазақстанның кәріздік тазарту құрылыстарының тозу дәрежесі 60 пайыздан асады, ал кейбір қалаларда тіпті 90 пайыздан асады. Ірі қалаларда тазарту құрылыстары өткен ғасырдың 50-70 жылдарында салынған.
Сондықтан олардың тиімділігі өте төмен. Қолданылатын технологиялар мен жабдықтар бұрыннан ескірген.
Осылайша, модернизация төрт бағыт бойынша да жүргізілетін болады.